29.03.2024, 22:00
Оқылды: 52

Жәнібекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия жиыны өтті.

FB_IMG_1711715922679

Мәжіліске аудан әкімі Тимур Шиниязов төрағалық етті. Комиссия мүшелері талқылаған күн тәртібіндегі мәселелер ауқымды болды. Нақтырақ айтсақ, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы, аталған дертке қарсы мәдениетті қалыптастыру, жүзеге асқан іс-шаралар хақында, ауылдардағы ахуал мен әрекеттердің тізбегі жөнінде баяндалды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Райгүл Тастенованың айтуынша, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша бөлім қызметкерлерімен үнемі дөңгелек үстел, жиындар өтеді. Ішкі талдау да жарты жыл сайын мақсатқа жетуге сеп болады екен.

FB_IMG_1711715927246

- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын қасиеттерді анықтауда әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында жасырын түрде саулнама жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай мүдделер қақтығысы орын алмады,- деді Райгүл Исатайқызы.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова аудан көлемінде өткен жемқорлыққа қарсылық танытатын шараларға тоқталды. Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев, Ұзынкөл ауылының әкімі Назар Шәріпов ауылдардағы қарсылыққа үндейтін үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен тарқатты.

Ақтілек Әлібек,

Жәнібек ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале