25-28 наурыз күндері күннің күрт жылынып, жаңбыр мен қардың жаууы кезінде Шыңғырлау ауданында қарғын сумен күресу бағытында күшейтілген режимде жұмыстар жасалды. Жауапты мекемелердің жүргізген жұмыстарын аудан әкімдігі жіті бақылап отырды. Ауыр техникалар мен сусорғылардың, құм толтырылған қапшықтардың жеткіліктілігінің арқасында су тасқынының беті қайтарылып, тұрғын үйлерді су басуының алды алынды.
Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округінің Қайынды ауылында 2023 жылы көктемгі су тасқынына қарсы ені 2,5 метр, биіктігі- 2 метр, ұзындығы 1800 метр болатын Қайынды өзенінің екі жағынан су қорғаныш бөгеті (дамбы) шаруашылық тәсілімен салынды. Осы бөгет кешегі су тасқыны уақытында Қайынды өзенінің көтерілуі кезінде ауылды қорғап қалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 6-7 наурыз күндері Қайынды өзенінде 607,6 шаршы метр мұз жару жұмыстары жүргізілді. Көктемгі су тасқыны кезінде 3 техника, су сорғыш құралдар және 700 қапшық қойылған болатын.
Тиісті мекемелердің уақытылы, тиянақты жұмыстарына, соларды бақылап, бағыттап, басы-қасында жүрген аудан басшылығына халық дән риза.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы