31.03.2024, 16:30
Оқылды: 13

Бәйтерек ауданында зияткерлік сайыс өтті

Бәйтерек аудандық кітапханасында «Туған жерім – тұнған шежіре» зияткерлік сайысының екінші кезеңі өтті.

IMG-20240329-WA0029

Айта кетейік, аудандық ОКЖ жанынан құрылған «Жамылған көк желегін жұмақ мекен» өлкетану клубының мұрындық болуымен өтіп жатқан рухани дода 3 кезеңнен тұрады. 27-29 ақпанда өткен алғашқы бөлімде аудандағы барлық ауылдық округтен келген командалар сынға түсіп, олардың ішінен 12 команда іріктелді.

Екінші кезеңнің алғашқы турында төрт команда сайысты. Ауа райының қолайсыздығына, су тасқынына байланысты қалған командалар аудан орталығына жете алмай жатыр.

Дариян, Раздольный, Январцев, Щапов ауылдарынан келген командалар алғашында ұяшықтардағы сұрақтар арқылы аудандағы жер-су атауларын, "Ғажайып алаң" деп аталған екінші ойында аудан тарихында есімдері қалған азаматтарды табу бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімен раздольныйлықтар үздік деп танылды. Одан соң дарияндықтар мен январцевтықтар орналасты. Алайда Раздольный ауылыннан келген команда мүшелері ойын барысында тапқырлық, жеделдік танытқан январцевтықтарды жеңімпаз деп танитындарын жеткізіп, одарға келесі айналымның жолдамасын табыстады.

Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай ұйымдастырған бұл сайыстың финалын 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні өткізу жоспарланған.

Салтанат Серікбайқызы, 

Бәйтерек ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале