1.04.2024, 12:31
Оқылды: 96

5 миллиард теңге: "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өтті.

Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының telegram каналында жазылды.

Су Орал 2024

Тұжырымдамаға сәйкес қордың мақсаттарының бірі - Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірінде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді.
Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі.
Қор растау құжаттарын қабылдағаннан кейін тиісті ішкі шешім бекіту рәсімдерін жүргізеді.
Сондай-ақ Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды.
"Қазақстан халқына" қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен Қазақстан Үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шарасын қолдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале