1.04.2024, 18:00
Оқылды: 53

Жедел қимылдап, тиянақты әрекет етуде

Қазір елімізде болып жатқан көктем мезгіліндегі су тасқыны барлығымызды алаңдатады. Әйтсе де басшылық пен атқарушы органдарға сенім мол. Күн-түн демей жедел қимылдап, тиянақты әрекет етіп қиындықты еңсеруде.

435001118_1840387533039673_3242044093552826324_n

Шыңғырлау ауданында да қардың күрт еруі салдарынан бірқатар қиындық туындады. Соңғы тәулік ішінде Елек өзені көтеріліп, арнасынан асты. Қауіпті деңгей 750 см-ден асып, 788,3 см-ге дейін жетті. Аудан басшылығы аудан орталығымен қатар, ауылдық округтердегі жағдайды тікелей бақылап, назарда ұстап отыр. Жауапты мекемелердің жұмысын реттеп, бір жүйеге келтіріп атқарып жатыр. Елек өзені өтетін Шыңғырлау ауданының округтерінің, ауылдары мен елді-мекендерінің тұрғындарына сақтық шараларын қамдап, кез келген жағдайға дайын болу керектігі ескертілді.

435124609_1840387566373003_6536938504113332536_n

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале