2.04.2024, 23:00
Оқылды: 60

Самал аудандағы аспалы көпірден мұз көшкіні кедергісіз өту үшін тиісті жұмыс істелді

Шаған өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты Самал ауданындағы аспалы көпірде мұз кептелісі пайда болды. Бұл өз кезегінде аталған аудандағы саяжайларды лезде су басуға әкеп соқты. Сондықтан Орал қаласы әкімдігі көпірден мұз көшкінін кедергісіз өткізу үшін шаралар қабылдады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

су орал дрон 2 (1)

Бұл жұмысқа 7 арнайы техника, 20 маман жұмылдырылды. Көпірді су деңгейінен жоғары көтеру мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде мұз кептелісі қозғалып, өзеннің төменгі ағысына кедергісіз өтуде. Қазір аталған жерде кезекшілік ұйымдастырылған.

Шаған және Деркөл өзенінің жайылмасында орналасқан саяжай тұрғындары қауіпсіз жерлерге уақытша көшуде. Уақытша тұратын үйлері жоқ адамдар эвакуациялық пукнттерге орналасуда. Тұрғындарды эвакуациялауға барлығы 12 автобус жұмылдырылған. Бос қалған үйлерді тонаудың алдын алу үшін саяжайларда полиция қызметкерлері кезекшелік жасауда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қаладағы өзен жайылмаларындағы саяжайларда шамамен 10 мыңнан аса адам тұрады.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале