3.04.2024, 15:15
Оқылды: 94

Биыл айына төленетін МӘМС жарнасы қанша?

МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін дербес төлеушілерге енді соңғы 12 айдағы аударым бойынша берешекті өтеудің қажеті жоқ. Олар бір жылға алдын ала жүйеде сақтандырылуы мүмкін, - деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Бақытжан Рамазанқызы.

ақша

Бұл жердегі дербес төлеушілер деген кімдер?

Дербес төлеушілер қатарына ресми түрде жұмыс істемейтіндер, жеке кәсіпкер (ЖК) емес тұлғалар төлей алады .

Былтырғы жыл үшін қанша төлеу керек?

2023 жылдың кезеңдері үшін төлеген кезде МӘМС жарнасын өткен жылдың, яғни 2023 жылдың сомасы бойынша ай сайын 3500 теңгеден төлеу қажет.

МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?

Жарналарды ағымдағы айдан бастап төлеу керек. Егер қазір ағымдағы ай 2024 жылдың сәуір айы болса, онда жарналарды "24 сәуір - 25 наурыз" кезеңі үшін төлеу керек. Жарналарды әр ай үшін жеке төлеу қажет (4250 теңгеден). Жарналарды кез келген банкте, АҚ "Қазпошта", төлем терминалдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

2024 жылдың кезеңдеріне төленетін МӘМС жарнасы қанша?

Биылғы МӘМС жарнасы -  51 000 теңге. Әр айға жеке 4 250 теңгеден төлеу қажет.

МӘМС-те сақтандыру мәртебесі қанша уақыттан кейін беріледі?

Егер барлық шарт орындалса: болашақ 12 ай төленген болса (өтіп жатқан айдан бастап) барлық 12 төлем бір күнде төленсе, сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

«12 айға алдына ала төлем жасаған кезде дербес төлеуші сақтандырылған мәртебесін және де МӘМС пакеттеріндегі медициналық қызметтерге бір жыл бойына қол жетімділік иеленеді. Әрі қарай, осы кезеңнен кейін мәртебесін сақтап тұруы үшін тұрақты жарна салуды жалғастыра алады. Бұл МӘМС жүйесіне қатысудың балама тәсілі, ол қолданыстағы әдісті жоймайды. Яғни, дербес төлеуші ағымдағы қарызын өтеп те, мәртебесін ала алады» – деді Бақытжан Рамазанқызы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале