Өткен аптада Теректі ауданы Аңқаты ауылын топан басып, жиырма шақты үй суға кеткен болатын. Қызыл суды ауылдан бұру үшін Сарыөмірге баратын тасжол Аңқаты маңында жырылды. Сөйтіп, ауылдан су беті қайтты.
- Ауылдан су кетті. Баспана, қора-жайы суға кеткендер жайлап жөндеу жолын қарастыруда. Бұл жағдайда мемлекет басшысының тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі дегені көңілге медеу. Ауылға қатынас уақытша жаяу көпірмен еді. Енді бір-екі күннен бері жол салушылар келіп, көлік жолын жөндеуді бастады. Сабыр сақтап, біріге, бір-біпімізге көмек жасай жүріп бұл қиындықтан да шығамыз, - дейді Аңқаты ауылдық округі әкімі Асқар Қылышұлы.
Тамара Жұмат,
Теректі ауданы