5.04.2024, 11:45
Оқылды: 158

Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирге аттанды

Таеквондодан Қазақстан кадеттер құрамасы Испанияның Аликанте қаласында өтетін G-1 санатындағы Spanish Open 2024 турниріне аттанды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

1712205703 

Фото: olympic.kz/kk

Турнирге қыздардан 3, ұлдардан 4 салмақтағы спортшылар қатысады.

Қазақстан командасының құрамы төмендегідей: 

Қыздар:

33 келі: Назерке Жанаберген, Шахризода Акрамова

44 келі: Нұргүл Сералиева

51 келі: Нұрай Амангелді

Ұлдар:

33 келі: Юсуф Анвар-Алиев

45 келі: Дінмұхаммед Толыбай

53 келі: Әлинұр Еркін

57 келі: Аятжан Әмірханов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале