4.04.2024, 15:00
Оқылды: 121

Тасқала ауданының кітапханасында 285 689 кітап қоры бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы аталған жылға байланысты Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өңірлік кітапханалардың кітап қорын толықтыру мақсатымен балалардың рухани және мәдени білімін жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдауға ерекше көңіл бөліп, балаларға базарлық ретінде «Демеушілерден кітап» атты челлендж ұйымдастырды.

4fb794e8-eda5-4f31-9fd0-2a8fd8246a77

Бұл іс-шараға аудан кәсіпкерлері белсене қатысып, балаларға кітап сыйлауға ізгі ниетін білдірді. Олардың қатарында «Луч» шаруа қожалығының басшысы Нариман Мусенов, «Аюпов» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Аюпов, жеке кәсіпкер, «Ақ ниет» мейрамханасының директоры Күнсұлу Нигметова, «Тасқала-Аққу» ЖШС директоры, кәсіпкер Қуан Тасқалиев, «Нетказиев» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Нетказиев, «Арай» шаруа қожалығының басшысы Жарас Жамансариев бар

Бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құзырында 23 кітапхана, соның ішінде бір аудандық, бір аудандық балалар кітапханасы, бес ауылдық балалар кітапханасы, 16 ауылдық кітапхана бар. Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі оқырман саны 10 944 болса, оның 2615-і бала. Тасқала ОКЖ-де қазіргі таңда барлық кітап қоры - 285 689 дана. Оның 18 727-сі балаларға арналған әдебиет.

2021_12_10_bala

Одан бөлек кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына айналған қызықты да заманауи, жаңа форматтағы электронды 4D кітаптары, оқырман сұранысына ие басқа да басылымдар кітапхана демеушілері, яғни аудан кәсіпкерлері атынан сыйға берілген. 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Осы атаулы күнге орай кітапханаларда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Кітап қорын толықтыру мақсатымен ұйымдастырылған бұл акцияға аудан, ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, кітапхана оқырмандары белсене атсалысып, кітапханаға түрлі тақырыптағы кітапты сыйға тартты.

Бұл акция жыл сайын жалғасын тауып келеді. Кейінгі үш жылда ОКЖ-ға мемлекеттік тапсырыс арқылы құны 1 152 393 теңге тұратын 1 179 дана балалар әдебиеті, ал жергілікті бюджеттен құны 1 069 165,18 теңгеге 444 дана жаңа балалар әдебиеті қорға түсті.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале