4.04.2024, 16:45
Оқылды: 79

Тіл мәселесі: жарнамалар дұрыс жазылған ба?

Тіл маңызды тақырып. Оның ішінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жергілікті қолданыс аясын кеңейту хақында аз айтылып жүрген жоқ. Алайда мемлекеттігіміз үшін аса маңызды мәселеге қоғам әлі атүсті қарайтыны жасырын емес. Мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқан тіл мәселесі ел Президентінің тікелей тапсырмаларында көрініс тауып келеді және ол орындалған іс- әрекеттермен нақтыланып, жүзеге асуы тиіс.

чингирлау жарнама (1)

Десе де, елімізде тұрғындар жиі топталатын қызмет көрсету орындары, қоғамдық көліктер, сервистік орталықтар мен демалыс аймақтары, жанармай құю, көлік жөндеу бекеттері сынды орындарда мемлекеттік тілде қызмет көрсету барысында жұрт тарапынан шағымдар түсіп жатады. Бұған мекемелердегі іс-қағаздары мен құжат айналымының мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру талабына сай емес екендігін қосыңыз.Шыңғырлау ауданы бойынша көше жарнамалары мен сауда орындарының атауы біраз реттеліп, қазақ-орыс тілі мәтінінде және латын графикасында ілініп тұр. Бірақ дүкендер атаулары қос тілде көрініс тапқанымен, ішіндегі бөлімдер атаулары мен тауарлар аты бірыңғай орыс тілінде. Мұны тез арада дұрыстау керек, себебі аудандық тіл дамыту бөлімі мамандары ауыл тұрғындары мен кәсіп иелеріне ҚР Кәсіпкерлік кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында жергілікті атқарушы органдардың деректемелер мен көрнекі ақпаратты, маңдайшаларды, жарнамаларды орналастыру бөлігінде тіл заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы және тiл туралы заңнаманы бұзған үшiн қолданыстағы ӘҚБтК-нің 75-бабында жауаптылық көзделгенін және мұндай құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратындығын ескертеді.

чингирлау жарнама (2)

Ал «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабында былай деп көрсетілген:

чингирлау жарнама (3)

  1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы ескерту жасауға немесе он (10) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер жиырма (20)айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес(5 АЕК), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне- он (10), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес (25)айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері бойынша кемсiту лауазымды адамдарға он(10) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер жиырма (20) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

чингирлау жарнама (4)

Аудан орталығындағы «Жанар» ет дүкені, «Баянсұлу», «Арман» киім дүкендері, «Дәмді» асханасы мемлекеттік тілді толық қолдайтындықтарын, сондай-ақ тұтынушылар сұранысына орай қос тілде де қызмет көрсететінін айтып отыр.

 

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

чингирлау жарнама (5) чингирлау жарнама (6) чингирлау жарнама (8)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале