4.04.2024, 18:00
Оқылды: 98

Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға төрағалық еткен аудан басшысы Талғат Шакиров жастар тәрбиесіне қатысты өз ойын білдірді.

IMG_2859

Одан әрі кеңесте жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамту және жастар арасындағы жергілікті мәселелердің жай күйі туралы Мерей, Мереке ауылдық округінің әкімдері есеп берді. Содан соң Мансап орталығының қызметкері Мәншүк Ермұқанова 2023 жылы жастарды жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмысқа тоқталды. Отырыстың мақсаты да жастар арасындағы жұмыссыздықты жою болатын. Кеңесте ауыл жастары арасында волонтерлік қозғалыстар құру, олардың жұмысын ұйымдастыру мен оларға бірдей арнайы форма тіктіру туралы жастар ресурстық орталығының маманы Нұрсұлтан Садиков ұсыныс білдірді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары арасында құқықтық тәрбие мен заңнамалық көмек көрсетудің жолдары тілге тиек болды. Жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушыларын ақы төленетін жұмысқа жұмылдыру мәселесі де қозғалды.

IMG_2869

Жиын соңында ұсыныс пікірлер айтылып, жастарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале