4.04.2024, 22:35
Оқылды: 28

Азия чемпионатына жолдама алды

Бүгін Казталов жұрты үшін қуанышты күн болды.
InShot_20240404_223252502
1-4 сәуір күндері Петропавл қаласында өткен еркін күрестен ҚР чемионатында БҚО құрама сапында жерлесіміз, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі 75 келі салмақта Әділбек Ерболатов чемпион атанып, алда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
InShot_20240404_223310859
Әділбек қазіргі таңда 2021 жылдан бастап Алматыда «Шаңырақ» спорт интернатында Роллан Кешубаев, Жеңіс Даутов, Байтемір Марат сынды мықты бапкерлерде жаттығып жүр. Жастайынан спорттың осы түріне баулып, еркін күрес спортының әліппесін үйреткен алғашқы бапкері Мейрам Ғиляжевтің еңбегі ұшан-теңіз.
Айта кету керек, өткен жылы Әділбек Русланұлы осы жарыстың күміс жүлдегері атанған болатын. Енді міне, жас спортшы араға жыл салып, намысты қолдан бермеді.
Әсем Болат,​
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале