5.04.2024, 12:45
Оқылды: 52

Су тасқыны уақытында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатыр

3 сәуір Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына келіп, су тасқыны болған бірқатар елді мекенде болды.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 12.34.22

Сапардың негізгі мақсаты – малды су басқан аумақтардан қауіпсіз қашықтыққа айдау бойынша жұмыстың барысы мен нәтижелерін бақылау, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген залалды есепке алу алгоритмі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмысты бақылау.

Аманғали Бердалин ең алдымен Теректі ауданының Аңқаты ауылын аралап, қазіргі жай-күйімен, эпизоотиялық ахуалымен танысып, кездесуге келген ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 12.34.23 (2)

Елді мекенді эвакуациялау кезінде мал дәрігерлерінің көмегімен 134 бас мүйізді ірі қара, 259 бас ұсақ мал және 2 бас жылқы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Су тасқыны кезінде Аңқаты ауылында 6 бас ірі қара, 52 бас ұсақ мал мен 1 бас жылқының шығыны тіркелді.

Вице-министр қазіргі уақытта ауыл аумағында мал дәрігерлері мен жергілікті әкімшілік бірлесе жүргізіп жатқан шығынға ұшыраған жануарлардың өлекселерін жою жұмысының барысымен танысты.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 12.34.24 (1)

Әрі қарай ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Теректі ауданының Ұзынкөл және Бөрлі ауданының Ақсу ауылдарында болып, су тасқыны уақытында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Бөрлі ауданының Ақсу ауылында су тасқыны кезінде 230 бас мүйізді ірі қара, 400 бас ұсақ мал, 11 бас жылқы арнайы дайындалған орындарға көшірілді. Су тасқыны салдарынан аталған елді мекенде 11 бас ірі қара, 180 бас ұсақ мал және 5 бас жылқы малының шығыны бар.

Күні бүгінге Ақсу ауылында ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін утилизациялау жұмысы жүргізіліп жатыр.

БҚО қоғамдық даму басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале