5.04.2024, 14:45
Оқылды: 42

Яндекс Қазақстан су тасқынынан зардап шеккендерге арналған заттарды табыстауға көмектеседі

Бұл туралы Яндекс Қазақстанның баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласының тұрғындары көмек заттарын Яндекс Go арқылы ресми жинау пунктеріне жеткізу қызметінің бағасынан 1% символикалық ақыға жібере алады. Сонымен бірге ең көп зардап шеккен аудандардағы компанияның  серіктестері арқылы гуманитарлық жүктерді адамдарды уақытша орналастыру орындарына жеткізуге болады.

c598615c-49b1-499f-8122-cf9c3541cb11

4-7 сәуір күндері Орал қаласының тұрғындары Яндекс Go қосымшасында су тасқынынан зардап шеккендерге заттарды жеткізу құнынан 1% символикалық ақыға жібере алады. Ол үшін қосымшаның жеткізу бөлімінде тапсырыс беріп, мекенжайын көрсету қажет: Мысалы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 19. Бұл ретте жүргізушілер тапсырыс үшін толық төлем алады. Ал жеңілдікті компания өтейді. Жеңілдік қызметі пункттердің жұмыс уақытында, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін қол жетімді. Байланыс телефоны (курьер үшін нөмірді көрсетуге болады): 8 776 909 00 20.

Гуманитарлық көмекті жинау пункттеріне заттарды жеке (өз бетінше) апарғысы келетін қала тұрғындары Яндекс Картасы арқылы арнайы сілтеме бойынша немесе іздеуге «су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті» немесе «гуманитарлық көмек жинау пункттері» сұрауын енгізе отырып, таба алады. Мұнда ел бойынша мекенжайлардың тізімі қолжетімді, сондай-ақ бұл тізім үнемі толықтырылып отырады.

Жеткізу бойынша арнайы шарттар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай қалаларындағы көмек жинау пункттері үшін де қолданылады.

Ең көп зардап шеккен аймақтарда Яндекс Go серіктестері жиналған көмекті су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша орналастыру орындарына жеткізеді.

Зардап шеккендерге бірінші кезекте жылы киім, резеңке етік, гигиена құралдары, төсек орын, жылы көрпе және төсек қаптар қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале