БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмухамбетов БҚО төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мал шығынына да тоқталып өтті.
- Су тасқынының салдарынан болған мал шығынындары, ірі қара малы - 179 бас, жылқы - 47 бас, шошқа – 60 бас, ұсақ мүйізді мал - 1 442 бас, және 119 үй құстарын құраған, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Алайда облыс әкімі орынбасары бұл ақпараттың нақты тексерілетіні туралы атап өтті.
Аудандар бойынша егжей-тегжейлі тоқталатын болсақ, Сырым ауданында 68 бас ірі қара малы, 258 бас ұсақ мүйізді мал және 8 бас жылқы, Теректі ауданында 7 бас ірі қара малы, 52 бас ұсақ мүйізді мал, 1 бас жылқы және 7 үй құс, Бөрлі ауданында 47 бас ірі қара малы, 226 бас ұсақ мүйізді мал, 36 бас жылқы және 60 шошқа, Қаратөбе ауданында 57 бас ірі қара малы, 906 бас ұсақ мүйізді мал, 2 бас жылқы және 112 үй құсы.
zhaikpress.kz