Теректі ауданында су деңгейінің көтерілуі тіркелмеген. Бүгінде эвакопункттерде 396 адам болса, соның 167-сі балалар.
Бәйтерек ауданы маңындағы Шаған өзені суының шекті деңгейі 1280-1300 см болса, бүгінде бұл көрсеткіш 1319 см құрап отыр.
Бұл деректерді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев журналистерге берген сұхбатында айтты.
- Бүгінде Январцев, Даринск, Рубежка, Озерный, Мичурин, Асан ауылдарында жал соғу, өзен жағалауларын биіктету жұмыстары жүргізілуде. Бөрлі ауданының тұсындағы Елек өзеніндегі су деңгейі бірқалыпты. Эвакопункттерде 63 адам қалды. Сондай-ақ Қараөзен, Сарыөзен, Көшім өзендері бойында орналасқан Жаңажол, Кіші Айдархан, Сарыкөл, Мұқыр, Мәстексай, Жаңақазан, Жәнгелді, Плантация, Пятимар, Қырқопа, Ақбалшық, Жаңақала ауылдары тұсында жағалауларды бекіту, биіктету жұмыстары атқарылды. Казталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Автобаза бөгетін бекіту, тұрғындарды өзеннің бір бетінен екінші жағасына қайықпен өткізу жұмыстары жүргізілуде, - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары.
Фото: көрнекілік zhaikpress.kz