6.04.2024, 18:25
Оқылды: 45

129 отбасының шығыны өтелді

Бұл туралы БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев айтты.

InShot_20240406_182334684

Облыста орын алған табиғи апатпен күреске төтенше жағдайлар қызметінің барлық ресурсы, Ұлттық ұланның ҚД күштері жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Еріктілер аянып қалмауда.

Қолданыстағы Ережеге сәйкес, зардап шеккендердің материалдық шығыны өтеледі. Сондай-ақ басқа да қажетті көмек көрсетіледі.

- Келтірілген залалды өтеу тетіктерін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Табиғи зілзалалардан зардап шеккендерге келтірілген зиян заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен өтеледі.
Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы көмек көрсетілуде. Қазірдің өзінде 129 отбасына біржолғы материалдық көмек берілді, - деді Дәурен Омарғалиев.
Айта кетейік, апат салдарынан материалдық шығынға ұшыраған азаматтар төтенше жағдай орын алғаннан кейін 30 күн ішінде ережеге сәйкес келтірілген зиянды өтеу үшін жергілікті әкімдікке өтініш беруі тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале