"7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілері тіркелді", - деп хабарлайды ҚР көлік министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Оның ішінде:
Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмеген. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.
Қазақстандық әуежайларда су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ. Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмысы ұйымдастырылды.
Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар, яғни көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.
Теміржолдарды су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстарыжүргізілуде.
Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты.
Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.
Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуімен Атырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 5, 6және 7 сәуірде тағы 3 рейс жасақталды, нәтижесінде 3 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.