8.04.2024, 12:18
Оқылды: 62

«Шеврон» елдегі су тасқынына қарсы күреске 3 млн доллар бөледі

«Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

су дрон самал (12)

 «Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын, – деді «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. – Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымас қолдауын білдіреді».

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлген. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар беріп отыр.

  • Денсаулық сақтау министрлігі су басқан аймақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, атап айтқанда, ауыз судың сапасын бақылауды күшейтуі керек;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермей, үй және жабайы жануарларға қажетті ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;
  • Ішкі істер министрлігі эвакуацияланған халықтың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет;
  • әкімдіктер эвакуациялық пункттердегі халықты қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оларды уақытша орналастыру мәселесін пысықтауы қажет.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале