8.04.2024, 14:35
Оқылды: 76

Түркістан жұртына мың алғыс!

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан Түркістан облысынан ауданымызға гуманитарлық көмек жеткізген ерікті жастарды қабылдап, алғысын жеткізді.

image-08-04-24-12-35

Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы:

– Ардақты ағайын! Қазақта сөз бар «Тас түскен жеріне ауыр» деген. Ауданданымызда көктемгі су тасқыны біраз қиындықтар әкелді. Осындай қиын кезде Түркістандық ерікті жастар арамыздан табылып жатыр. Бір қазақтың басына түскен ауыртпалық, бар қазақтың қайғысы екенін көрсетіп жатырғандарыңызға алғысымды білдіреміз. Қазір шүкірлік айтамыз, осында күнделікті еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, қолдан келген көмегін беріп жатыр. Алла разы болсын. Біздің жағдайымызды сұрап, жылы сөздерін айтуда. Осындай қиын қыстау кезде жылы сөз бізге демеу, - деді.

Түркістандық ерікті жастарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, аудан жұршылығы атынан естелік сыйлық табыс етті.

image-08-04-24-12-35-3

Кездесуде Түркістанның ерікті жастары шынайы, ізгі ниеттерін жеткізіп, сын шақта елмен бірге екендіктерін көрсетіп, көпшілік қиындықты бірге еңсеретіндіктерін айтты.

Қаратөбе ауданынан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале