8.04.2024, 16:58
Оқылды: 61

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Батыс Қазақстан облысында

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров қазіргідей уақытта ұлттың ұйысуы, жұрттың жұмыла әрекет етуі маңызды екенін айтты.

ардаша

         Депутат Ардақ Құттықожаұлы алдымен су тасқынының алдын алу жұмыстарымен жете танысып, одан кейін Жайық пен Шаған өзендеріндегі судың деңгейін бақылауға барған.

– Бақылау жұмыстары барысында тұрғындармен де кездестік. Эвакуациялық пункттерде жатқан адамдардың саны көп екені, сондай-ақ олардың дені балалар болғаны жанымызға батты. Бір адамның басы ауырса, балтыры сыздаса жанын қоярға жер таппайтын бабалардың ұрпағымыз ғой. Елдегі жағдайға ешбір адам бейжай қарамайтыны анық және мұндайда ешкім қол қусырып қарап тұрмайды деп сенемін, – деді ол.

Ардақ Назаров кейбір эвакуациялық орталықтарда жатқан тұрғын саны өте көп екенін, оларға дәрі-дәрмектердің де жетіспей жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар тамақтары уақтылы беріліп жатқанымен, балалар арасында инфекциялық аурулардың бары байқалған. Бұл ретте не істерін білмей дал болған халықтың тағы бір уайымы – несие. Депутат А. Назаров осы секілді басқа да мәселелер мен сауалдарды жеткізетінін айтты.

 

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале