9.04.2024, 17:31
Оқылды: 68

Тұрғындар өтініші назарға алынды

Аптаның басында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Біркенова және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Тасболатов Жаңакүш ауылының тұрғындарымен кездесті.

WhatsApp Image 2024-04-09 at 16.12.32

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев тұрғындарға ауылдық жерде тұратын адамдардың өмірін жақсартуға, тұрмыс деңгейін көтеруге, тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» және «Қаладан ауылға» бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, жиында шекара маңындағы ауылға халықты тұрақтандыру, Жаңакүш негізгі мектебін ашу үшін тұрғындардан мектеп жасында балалары бар қаладағы жақын-жекжаттарын, таныстарын ауылға тартуға ықпал етулері сұралды. Ауылға қоныс аударуға ниетті отбасылар болған жағдайда тұрақты жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін түсіндіріп өтті.

Аудан әкімінің орынбасары «Бекманов» шаруа қожалығына барып, шаруашылықтың жәй-күйімен танысты. Кездесу барысында тұрғындардың ауыл медпунктіне жөндеу жүргізу, Жаңакүш бөгетін қалпына келтіру туралы өтініштерін ескере отырып, жиыннан соң медпунктті, бөгетті көріп қайтты. Сонымен қатар, ауылға көшіп келуге ниетті отбасылар үшін тұрғын үй сатып алу мақсатында Жаңакүш ауылындағы бос тұрған үйлерді аралап шықты.

Қайтар жолда Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Біркенова жеке қабылдауында болған Ұрысай ауылы тұрғынының өтініші негізінде Ұрысай ауылындағы бөгетке соғып, ауыл азаматтарының пікірін тыңдады.

Алдағы уақытта көктемгі су тасқыны салдарынан су шайып кеткен бөгеттер қалпына келтірілетін болады.

Анар Қалиева, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале