"Биыл қаңтар айында катодты мыс экспортының көлемі 42,9%-ға – 29,2 мыңнан 41,7 мың тоннаға дейін өсті", - деп хабарлайды ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Өсім көрсеткіші негізінен өнімге деген сұраныстың Түркияда екі есеге (6,6 мыңнан 13 мың тоннаға дейін) және Қытайда - 63,7% - ға (16,3 мыңнан 26,7 мың тоннаға дейін) ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.
Отандық мысты тұтынушы негізгі елдердің қатарына Қытай (63%), Түркия (31%) және Латвия (4%) кірді.
Қазақстандағы катодты мыстың жетекші өндірушілері «Қазақмыс Смэлтинг» (Жезқазған), «Қазмырыш» (Өскемен), «Коунрад Мыс компаниясы» (Балқаш) компаниялары.
Катодты мыс электр кабельдері мен сымдарын өндіру үшін электротехникада қолданылады.
Катодты мыс экспортының көлемі, тонна
Экспорт көлемі | қаңтар. 2023 ж. | қаңтар. 2024 ж. | динамика |
Барлығы | 29 186 | 41 705 | +42,9% |
оның ішінде | |||
Қытай | 16 331 | 26 737 | +63,7% |
Түркия | 6 645 | 13 043 | +2 есе |
Латвия | 100,1 | 1 903 | +19 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК