10.04.2024, 10:45
Оқылды: 97

Су тасқынына қарсы жұмысқа тексеру комиссиясының өкілдері де атсалысып жатыр

БҚО-да қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Жайық өзенінің жағасында бөгеттерді нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

комис2

Осы жұмыстарға БҚО Тексеру комиссиясының өкілдері де белсене кіріскен. Бұл туралы БҚО Тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков мәлімдеді.

1020

комиссия

- Өңірімізде көктемгі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей Тексеру комиссиясының қызметкерлері Жайық өзені жағалауына бөгеттер салуға белсене атсалысып жатыр.  Сонымен қатар, Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созу мақсатында, материалдық көмек ретінде Тексеру комиссиясының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Біз біргеміз! Бұл қиындықты тек күш біріктіру арқылы ғана жеңеміз,- деді БҚО Тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале