10.04.2024, 17:45
Оқылды: 50

Басты мәселе - баспана

Сырым ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша комиссия жұмысын бастады. Комиссия төрағасы болып Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов бекітілді.

IMG_9424

Қазіргі таңда Қайрат Нұржанұлы Жымпиты және Өлеңті ауылдарындағы үйлері суға кеткен тұрғындармен жеке кездесулер өткізуде. Техникалық сараптама бірқатар үйді тұруға жарамсыз, апатты жағдайда деп таныған. Құлаған баспаналар онсыз да көрініп тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде: - Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі", – деді.

IMG_9429

Жымпиты ауылдық округі бойынша бүгінде жаңа үйлер салу үшін екі орын белгіленген. Бірі – Қарасу мөлтекауданы, екіншісі - Өлеңті ауылындағы жаңа үйлер салу үшін дайындалған орын. Бұдан тыс, тұрғындар суға кеткен үйінің орынына да баспана салғызуға құқылы. Жаңа үй тиесілі емес тұрғындар да назардан тыс қалмайды. Мемлекет олардың баспаналарына келген материалдық шығындарды өтейді.

Комиссия төрағасы Қайрат Төлепов осы аптада Бұлдырты ауылындағы халықпен және бірқатар үйлері суға кеткен Жетікөл, Сарой, Қособа ауылдық округінің тұрғындарымен жүздеседі.

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале