10.04.2024, 22:10
Оқылды: 66

Тасқалада ашық есік күні өтті

Ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, олардың өмір сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Халықтың әлжуаз топтарына қолдау көрсету еліміздің міндеттемесі. Осы орайда бүгін «SAMGAU» коворкинг орталығында Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға «Ашық есік күні» өтті.

IMG-20240410-WA0149(1)

Бұл шара мүгедектігі бар адамдардың қоғамға толыққанды қатысуы және халықтың осы санаты басқалармен теңдей өмір сүріп, жұмыс істеп, білім алуы, қоғам өміріне еркін араласуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы сынды кедергілерді жоюға бағытталған. Шараға қатысқан аудан әкімі Талғат Шакиров мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірлік қиын жағдайдағы проблемаларды еңсеріп, өмір жолында туындаған сынақтардан сүрінбей өтетіндіктері – көпке үлгі екендігін атап өтіп, рухы күшті, ерік-жігері мықты қайсар жандардың белсенділігіне ризашылығын білдірді.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Саягуль Галиева, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышкалиева, аудандық мүгедектер қоғамынын төрағасы Ахмеджан Губайдуллин, мекеме-бөлім басшылары мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңестер беріп, қойылған сұрақтарына жауаптар берді.

Шара әртүрлі спорттық ойындармен жалғасын тауып, барша қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек қазіргі таңда аудан бойынша 590 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оларды қоғам өміріне араластыру үшін кезең-кезеңімен жүйлі шаралар қабылдануда. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі бағыты бойынша 404 мемлекеттің кепілдендірілген арнай әлеуметтік қызметі көрсетілуде. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан шет қалып қалмауы мақсатында көрсетілетін көмектер толығымен жүзеге асырылуда.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале