11.04.2024, 16:44
Оқылды: 72

Батыс Қазақстан облысындағы барлық су қоймаларына 74% су жиналды

"Нұржігітов Батыс Қазақстан облысына барып, тасқын судың қауіпсіз өткізу, өзендердің деңгейін реттеу және су қоймаларына еріген қар суын жинау бойынша жұмыстарды бақылап жүр", - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.

WhatsApp Image 2024-04-11 at 16.15.26

Фото: www.gov.kz

Орал-Көшім суару жүйесінің 4 су қоймасы 67%–ға, Кіші Өзен бойындағы 4 су қоймасы 90%-ға, Үлкен Өзен бойындағы 3 су қоймасы 57%-ға толы.

Жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары тасқын судың қауіпсіз өткізу барысын жіті бақылауда. Кәсіпорын қарамағындағы барлық су қоймалары 74% су жинады, бұл 374 млн текше метр.

«Өңірде су тасқыны ахуалы бірнеше фактордың әсерінен күрделене түсті. Біріншіден, БҚО өзендерінің бассейндеріндегі топырақтың күзгі ылғалдылығы орташа көпжылдық көрсеткіштен 71-133% жоғары болды. Екіншіден, топырақтың қатуы да былтырғы көрсеткіштерден жоғары болды, ал топырақ бетінде қалыңдығы 6,6 см–ге дейін мұз қабаты пайда болды. Қазіргі уақытта тасқын суын қауіпсіз өткізу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтемін», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале