Тасқала аудандық мәдениет үйінде . Бұл байқаудың мақсаты тума таланты бар балаларды өнер жолына бағыттау, үлкен сахналарға жол ашу, олардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, қолдау көрсетіп, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеу.
Байқау эстрадалық вокал: вокалдық топтар, хореография, халықтық музыка домбыра, поэзия, сән салоны аталымдары бойынша өтті. Сайысқа қатысушылар әр номинация бойынша өз белсенділіктерін көрсетті. Нәтижесінде эстрадалық вокал бойынша І орынды Ақтау ауылынан келген «Ақбұлақ» вокалдық тобы жеңіп алды. Ал, ІІ орын аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Айналайын» және «Сәулет» мектеп-лецейінің «Жасұлан» вокалдық тобына бұйырды. ІІІ орынды Сатпаев жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы жанындағы вокалдық топ пен Мерей ауылынан келген «Қыран» тобы иеленді. Хореография бойынша ІІ орынды атамекендік «Artdance» және шежіндік «Гүлдәурен» би тобы иеленсе, ІІІ орынды Шежін ауылының «Еркетай» және Мерей ауылының «Еркемай» би топтары еншіледі. Ал, сән салоны бойынша І орын мерекелік Жұлдыз Бөгенбайға бұйырса, ІІ орынды Оян ауылынан келген Аружан Бөлекбай мен атамекендік Нұрай Есенгалиева жеңіп алды. ІІІ орын Достық ауылынан келген Фарида Упағали мен С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің оқушысы Дильнара Есіркенованың қанжығасында кетті. Поэзия бойынша І орынға Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Айерке Әлібек қол жеткізсе, ІІ орынды Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлназ Гайнуллиева мен ояндық Айша Ажғалиева тең бөлісті. Сонымен қатар, халықтық музыка, яғни домбырада ойнау шеберлігі бойынша І орын Жанерке Қалиханға, ІІ орын Әсем Есімбек пен Айсұлтан Рахметке бұйырды. ІІІ орынды Наргиза Қажыкен мен Айхан Ерболат қанағат тұтты. Барлық қатысушыларға диплом мен сыйлықтар табысталды.
Назерке Шайхоллақызы,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz