11.04.2024, 22:24
Оқылды: 30

Казталовта ауыз су ұңғымасы тазартылып жатыр

Казталов ауданы орталығы тұрғындарына белгілі Лекер көлінде орналасқан таза ауыз су ұңғымаларына көлге жиналған қардың суы кіруіне орай Казталов ауылына жеткізіліп жатқан су тұтынуға «жарамсыз» деп танылған болатын. Осыдан бір апта бұрын аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың бастамасымен ұңғымалардың айналасы бекітіліп, су көтеретін құдықтар ішіне жиналған су сыртқа айдалып, тазартылған болатын.

Су Казталов 2024

Бүгін аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы Лекер көліне барып, таза ауыз су ұңғымаларын тазарту жұмысына қатысты. Байқағанымыздай көлге жиналған судың деңгейі біраз түскен. Ұңғымалардағы жиналған су сорылып, ішін тазарту жұмыстары атқарылды. Ендігі аз уақыт ішінде ұңғымылар айналасы кеуіп қалатын түрі бар.

IMG20240411155613

Соңғы күндері лайланған судың түсі біраз тазарғаны байқалады. Аудан басшысы Лекер көліндегі ұңғымалар айналасы судан кеуіп, түгел тазарғасын ауыз су сынамаларын арнайы зертханалық сараптамаға жолданатындығын жеткізді. Сараптама қорытындысына оң шықса, жақын арада ауыл тұрғындары қайтадан таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале