12.04.2024, 16:00
Оқылды: 66

"Q4 TULPAR" - Теректіде

Су басқан өңірлерге аймақтардан әлеуметтік көмек келіп жатыр. Дәл сондай көмектің бірі Алматы қаласынан Подстепный ауылына жетті.

image-12-04-24-02-30
«Q4 TULPAR» компаниясы өкілдері спорт кешенінде жатқан тұрғындармен кездесіп, халықты азық-түлікпен қамтыды.

Компания жетекшісі Талғат Сақан көмекке зәру өңірлерге көмектесу азаматтық парызым деп біледі.

image-12-04-24-02-30-5

- Әрқашан қазақтың бірлігі тарқамаған. Сын санағатта елмен бірге екенімізді көрсетіп Алматы қаласынан келген жәйіміз бар. Өткен жолы су басқан Аңқаты ауылының әрбір тұрғынына көмек ұсындық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та кәсіпкерлерді халыққа көмек көрсетуге шақырған болатын. Сондықтан ел басына күн туғанда шетте қалмай, қолдан келген жәрдемімізді ұсынып отырмыз.

image-12-04-24-02-30-2

Біз осымен тоқтамаймыз, әлі де апаттан зардап шеккен елді-мекендерге барамыз, - деді компания жетекшісі.

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале