13.04.2024, 9:51
Оқылды: 72

Атакәсіпті ардақ тұтқан азамат

Шыңғырлау ауылдық округінде бүгінгі таңда екі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс жасап тұр. Соның бірі –   Жаңакүш ауылының тұрғыны Нұрлан Бекманов басқаратын "Шыңғырлау Агро" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі.

435172855_1846453052433121_973774774760208743_n

"Үкімет пен «АMANAT» партиясы бірлесіп қолға алған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға, тұрмыс деңгейін жақсартуға мол мүмкіндіктер қарастырылған. Өзім 2017 жылы жеке шаруашылығымды ашқанмын. 2023 жылы осы "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы кәсібімді одан әрі дамыту мақсатында мал тұқымын асылдандыру, соның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара малын алуға ниет білдірген болатынмын. Нәтижесінде 2,5% несие алып, қол жеткізген қаражатқа Солтүстік Қазақстан облысынан 34 бас, Ақтөбе облысынан 16 бас сүтті бағыттағы ірі қара малдарын сатып алдым. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші сол кезде ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімін басқарған Рүстем Еслямовқа үлкен қолдау білдіргені үшін алғысым шексіз", - дейді Нұрлан Бекманов.

436361407_1634378064040659_179308152115031834_n

Іскер жан алдағы уақытта «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 12 жеке кәсіпкерлер мүшелігіне кіру есебінен аналық сүтті сиырды 100 басқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 5 құрылтайшы мен 3 мүшесі бар.

Бүгінде «Шыңғырлау Агро» АШӨК-ң иелігінде тәулігіне 30 басқа дейін мал союға арналған модульдік пункті және біржолғы сақтауға 10 басқа арналған тоңазытқыш камерасы бар. Сонымен қатар, МТЗ-122,3 тракторы, 3 000 литрге дейін сүт сақтауға арналған тоңазытқыш, мал азығын таратқыш РСК-12-2, ауыр дискілі БДМ -2,4 тырмасы, сүт пастерлеу (пастеризациялау) ВДП-500 қондырғысы, Т-229 КУН Бык, Ковш ЛК-6 т.б. техникалармен жабдықталған. Келешекте бір мезгілде 8 сиырды саууға арналған автоматтандырылған сауу желісін іске қосу үшін ғимарат салынуда.

435104844_1846453075766452_3183089010948069483_n

Берекелі ісімен көпке үлгі боларлық Нұрлан Бекманов Орал қаласында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған екі мобильді дүңгіршікте және аудан орталығындағы «Теща» супермаркетінде сүт, айран, сары май, қаймақ, сүзбе т.б. сүт өнімдерін сатылымға шығарып, халықты табиғи таза өнімдермен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда.

Сондай-ақ, "Шыңғырлау Агро" АШӨК бизнес-жобасында Жаңакүш және Шыңғырлау ауылында әрқайсысы 5000 литр сүт салқындатқыш танк қойып, арнайы сүт таситын көлікпен халықтан сүт жинап, одан әрі ЖК «Каверинге» өткізуді жоспарлап отыр.

Бақыт Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале