Еліміздегі күрделі жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Үндеу жолдап, «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді» деген болатын.
Осыған орай полиция қызметкерлеріне су кеткен аумақтарда азаматтарды эвакуациялау жұмыстары үшін Шымкент қаласынан Қазақстандық спорттық ату федерациясынан ізгілік көмек келіп жетті, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.
Арнайы полиция қызметкерлерінің жұмысына деп келіп жеткен көмек құралдарының ішінен су қауіпінен қорғанатын бірнеше қайықтар, қайық моторлары, құтқару жилеттері, резинке етік, комбинезондар және т.б. заттар шығарылды.
Бұл арнайы көмек құралдары су тасқынынан қорғану бағытында жүргізілетін жұмыстарға қолданылатын болады.
Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созып жатқан жанашыр жандар аз емес.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда.
Бүгін Қазақстан Республикасы Сенатының БҚО депутаты Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы Полиция департаментінің құқықтық тәртіп және арнайы дайындық базасында полицейлердің күштері мен құралдарын дайындау қызметімен танысты.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев:
- БҚО үшін арнайы Қазақстандық спорттық ату Федерациясынан гуманитарлық көмек келді. Өз кезегінде аэроглифер, моторлы қайықтар, қайықтар секілді арнайы құралдар эвакуациялау және құтқару үшін, сондай-ақ су басу орындарын патрульдеу және морадерлікке жол бермеу үшін қолданылатын болады. Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қорғауды қазіргі уақытта 580 полиция қызметкері, сонымен қатар тәртіп сақшылары резервінің 200 адамы қамтамасыз етуде. Қосымша ҚР ҰҰ мен ҚР ҚМ 500 әскери қызметшісінің көмегі келді.
- жағдайдың асқынуы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін ҚР ҰҰ 3 мыңға жуық полицейі мен әскери қызметшілері қамтамасыз ететін болады.
- БҚО-дағы жағдай ішкі істер министрінің бақылауында, өңірдегі жағдай оған сағат сайын жеке баяндалады.
Өз кезегінде полицейлер Қазақстандық спорттық ату Федерациясына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
БҚО ПД баспасөз қызметі