14.04.2024, 12:22
Оқылды: 63

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы су тасқынының салдарымен күресуге көмектесіп жатыр 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері су басқан аудандарға 900 тоннадан астам топырақ және 300 мың қапшық дайындап, төседі.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 20.56.49 (1)

ТЖ режимі Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі бірнеше өңірдегі жергілікті аймақтарда әзірше сақталуда. сонымен қатар, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір қауіпті аймақтардан адамдарды уақтылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 11.20.57

Табиғи апатқа қарсы күресте көптеген қазақстандықтар бірігуде. Осы тұста, Ұлттық ұлан да назардан тыс қалмады, атап айтқанда, тәулік бойы режимде жүздеген әскери қызметшілер бар, ал жалпы 3 мыңнан астам офицерлер мен сержанттар, курсанттар мен құқықтық тәртіп әскерлерінің сарбаздары тартылды.

IMG-20240413-WA0043

Ұландықтар азаматтарды табиғи апат аймақтары туралы құлақтандыруға және эвакуациялауға белсенді қатысуда, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізуде, тонауға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқынымен қамтылған көшелерді патрульдей отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде және жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, суды бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асыруда.

3f269713-9fe4-493c-bc03-1ee1fc5bd574 (1)

Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ҚР Ұлттық ұланы академиясының 400 курсанты және "Орталық" өңірлік қолбасшылығының Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің 200-ге жуық сарбазы тартылды. Олар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге және тұрғын үй секторының еріген сулармен су басуының алдын алуға көмек көрсету үшін - Кожевный, Ольшанка, Тепличный және Бескөл кенттерінде инертті материал салынған қаптарды дайындау және төсеу үшін тартылды. Курсанттар мен сарбаздар жағалауды нығайту жұмыстарына белсенді қатысады және инертті материалдармен қаптар жинайды.

IMG-20240413-WA0049

Бұдан басқа, 5546 (Атырау қ.) әскери бөлімінің қызметшілері 10 автотехника бірлігінде 120 адамнан астам су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады, сондай-ақ полиция қызметкерлерімен бірлесіп Құлсары қ. көшелерінде тонауға жол бермеу бойынша қызмет атқарады.

Орал мен Ақтөбеде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жеке құрамды тарту жалғасуда, дәлірек айтқанда 5517 және 6655 әскери бөлімдері 800-ден астам әскери қызметшіні жіберді.

Жалпы, 2000-нан астам құқықтық тәртіп жауынгерлері жағалауды нығайту жұмыстарына белсенді қатысады, су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады, азаматтарды табиғи апат аймақтарынан эвакуациялайды, тонауға жол бермеу мақсатында су тасқынымен қамтылған елді мекендерді полиция қызметкерлерімен патрульдей отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 22.30.01 (1)

Сондай-ақ, бүгін кешке Орал және Атырау қалаларына темір жол көлігімен тағы 1000-ға жуық ұландықтар келеді деп күтілуде. Дәлірек айтсақ, 6506 (Шымкент қ.), 5547 (Қызылорда қ.) және 5451 (Қарағанды қ.) әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері келгеннен кейін осы өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуге кіріседі.

Сонымен қатар, Петропавл қаласына келгеннен кейін 200 әскери қызметшіден тұратын Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамы су басқан елді мекендердің көшелерінде тонауға жол бермеу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауға кірісті.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 11.20.59

Су тасқыны басталғаннан бері Ұлттық ұланның 120 әуе және автомобиль техникасы тартылғанын атап өткен жөн. 1248 адам эвакуацияланды, инертті материалдары бар 294765 қапшық дайындалды және төселді, жағалауды нығайту жұмыстары үшін 900 тоннадан астам топырақ шығарылды және 91,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

ҚР Ұлттық ұланының

баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале