16.04.2024, 12:39
Оқылды: 51

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың 2024 жылғы 21 ақпандағы заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы елшілік құндылықтың үлесін арттыру, елішілік құндылық бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ офтейк-келісімшарттарды жасасу, оның ішінде қолданыстағы отандық өндірушілермен, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудан тауарларды шығару жөніндегі міндеттемелерді пысықтау және бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізді", - деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі.

landscape-4359644_960_720

Фото: pixabay.com

Аталған өзгерістер:

- жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды сатып алу кезінде ескеретін Отандық тауар өндірушілердің міндетті тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) енгізу;

- Тізілімде жалғыз отандық тауар өндіруші болса, одан тауар сатып алу бір көзден алу әдісімен жүзеге асырылады;

- Тізілімде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер болса, тауар сатып алу олардың арасында ғана жүзеге асырылады (қазақстандық тендер);

- тауар өндіруші міндетті түрде оқшаулау бағдарламасын ұсынатын және оның Қазақстан аумағында өндірілуін қамтамасыз ететін, 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалған импорттық тауарды сатып алуға арналған келісімшарт.

Осылайша, бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алуды арттыруға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале