16.04.2024, 15:32
Оқылды: 92

Сарбаздар көмекке келді

Қызыл судан Жайық өзені деңгейі күрт көтеріліп, жағалай отырған ауылдар тасқыннан сақтану амалдарын жасап жатыр.

санаторий

Ақжайық ауылдық округінде «Ақжайық» шипажайы мен Ыждағат ауылын тасқын су басу қаупі бар. Шипажайда 209, Ыждағатта 120 адам тұрады.

Бұл ауылдарда округ әкімі Болат Қадырәлиев күні-түні судан қорғану шараларының басында жүр. Ауыл тұрғындары күшімен осал жерлерді қаппен бекіту,  топырақ жал көтеру жасалып жатыр.

санаториии+

«Ақжайық» шипажайында Қызылорда облысынан көмекке келген №66597 әскери бөлімшесінің алпыс шақты сарбазы да осы іске жұмылды. Құм мен топырақ толтырған қаптар суға кету қаупі жоғары үйлерді айналдыра салынып жатыр. Шипажай ішінде, «Нұрберген» демалыс орыны ғимараттары маңында қаптан тосқауыл салынып жатыр.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале