Көктемгі су тасқынынан құтқару жұмыстарына өз еріктерімен барған Жалпақталдың бір топ жас жігіттері Орал қаласындағы тасқын судың көтерілуіне орай ел болып біріккен еріктілер қатарында көмек қолын созды.
- Орал қаласында тасқын суға қарсы көрсетіліп жатқан әр түрлі көмек қала бойынша әлі де жалғасып жатыр. Осыған орай жалпақталдық бір топ жас жігіттер еріктілер қатарында Орал қаласына көмектесіп жатырмыз. Қатарымызда Оразов Ерназ, Жангелді Елжан, Елеусінов Абай, Галимов Бекжан, Тасқалиев Серікболсын, Сәрсенғалиев Аманжан, Нұгманов Бек деген жас жігіттер бар, - дейді осы бастаманың басы-қасында жүрген Аңсарбек Ғаділбекұлы.
Біз де жігіттерге еселі еңбектеріңіз ел пайдасына жарасын деп тілек білдірдік. Аман жүріңіздер!
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы,
zhaikpress.kz