"Қазақстан халқына" қорына жеке және заңды тұлғалардан су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке 1,85 млрд теңге түсті
""Қазақстан халқына" ҚҚ су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын қолдап тұрған компанияларға, ұйымдарға және жеке тұлғаларға алғыс білдіреді", - деп хабарлайды "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры.
2024 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша ерікті қайырмалдықтар сомасы 1,85 млрд теңгені құрайды. Зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады. Қордың шоттарына түскен барлық қаражат табиғи апаттан қираған үйлердің құрылысына жұмсалатын болады.