Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Жаңақала ауданының бір топ еріктілері облысымыз Орал қаласына аттанды.
Атап айтсақ: Жаңақала колледжінің ұжымы, Жастар ресурстық орталығы, мемлекет қызметкерлері, ауылдық округтердің жастары барлығы 100-ге жуық еріктілер жұмылдырылып қалаға көмек беруге кетті. Елімізде болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, тілсіз жаудың алдын алуға қол ұшын созғанымыз жөн болар!
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz