16.04.2024, 23:43
Оқылды: 34

Су тасқыны: бақылауды күшейту керек

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаевтың, округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша кезекті отырыс өтті.

06f53d42-19a2-4769-ade0-c8edc4766b07

Жиында «Қазсушар» РМК Жаңақала пайдалану учаскесінің басшысы Ербол Төлеуғалиев Қараөзен және Сарыөзен бағытында қауіп сейілгенін, алайда Көшім каналының су деңгейі көтерілуіне байланысты ауданымыздың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан Қызылоба, Бірлік, Пятимар, Қырқопа ауылдары мен оларға қарасты елді мекендерді судан қорғау мақсатында шұғыл арада тиісті шаралар атқарылуы керектігін жеткізді. Сөзге араласқан Алпамыс Жаңабайұлы әр ауылдың төтенше жағдайға дайындығы жөнінде жеке-жеке тоқталып, округ басшылары өзен жағасына дамбы салу үшін техника, жүк тиегіш көлік пен қол күшінен көмек сұрады. Сондай-ақ жиын барысында аталмыш мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстар кеңінен қозғалып, қауіпсіздік шараларын сақтау, елді мекендерде тұратын жүкті әйелдер мен есепте тұратын науқас жандарды, шаруа қожалық иелерін алдын ала құлақтандырып, қажетті тұрмыстық заттар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорларын ертерек қамдап алу қажеттігі жөнінде, тасқын орын алған жағдайда мал мен жанға эвакуациялық орындарды дайындау сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімі тасқын суға қарсы дайындық жұмыстарды тоқтатпау керектігі, өзен-көлдер бойына кезекшілік ұйымдастырып, бақылауды күшейту керектігі туралы тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале