19.04.2024, 21:50
Оқылды: 60

Гуманитарлық көмек жіберді

Тасқала ауданына қарасты Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен атамекендік ағайындар тасқын судан зардап шеккендерге арнап көмек көрсетті.

IMG-20240419-WA0037

Бір тоннадан астам гуманитарлық көмекті округ әкімі Эрнар Ибрагимовтың өзі Орал қаласындағы орталыққа арнайы жеткізді. Оның ішінде шағу майдан бастап күнделікті тұрмыста қолданылатын азық- түліктермен қатар жаңа киім-кешек, аяқ киімдер мен тұрмыстық заттар да бар. Ел басына төнген сын сағатта қарап қалмаған олар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, үлкен ұйымшылдықпен көмек қолын созды. Осылайша атамекендіктер өздерінің елмен бірге екенін білдіріп ұйымшылдықтарын көрсетті.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале