22.04.2024, 11:18
Оқылды: 20

Нариман Құрбанов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

"Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

234c7b5830a7d55cc12ab78e57e9cbf8_1280x720

Фото: www.gov.kz

Ат снарядындағы финалда Нариман 4-сатыға тұрақтап, ал негізгі қарсыласы Ли Чи Кай (Қытайдың Тайпейі) күміс жүлде алды. Осылайша, жалпы Әлем Кубогының рейтингінде қазақстандық гимнаст 3-сатыда қалады.

Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама сапынан жазғы ойындар жолдамасын Милад Карими мен Нариман Құрбанов алып үлгерді.

Қазір барлығы Қазақстанда 14 спорт түрінен 42 лицензия бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале