22.04.2024, 19:00
Оқылды: 59

Оралдық ұландық ел чемпионатының жүлдегері атанды

18-21 сәуір күндері аралығында Семей қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде ересектер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбо спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды.

InShot_20240422_185742840

Аталмыш бұл сайыста еліміздің барлық өңірлерінің үздік спортшылары өз бақтарын сынады. Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионатарының жеңімпаздары да бар.

Сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Утегулов қатысқан болатын. 58 келі дәрежесін де бақ сынысқан ұландық жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшыларға кубок, грамота, медальдар табысталды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале