23.04.2024, 16:15
Оқылды: 59

Үкімет заңсыз құрылысқа талапты қатаңдатуға бір ай уақыт берді

Үкімет басшысы заңсыз құрылыс жұмыстары мен оған жауапты тұлғаларға талаптарды қатаңдату туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Халықаралық ақпарат агенттігі. 

құрылыс6

«Өнеркәсіп министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде заңсыз құрылыс жүргізгені үшін құрылыс компаниялары мен лауазымды тұлғаларға ықпал ету шараларын қатаңдату жөнінде заңнамалық түзетулер әзірлесін», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр аталған түзетулерді Құрылыс кодексінің жобасына енгізу қажеттігін айтты. «Сонымен қатар жаңа тұрғын үй бағдарламаларының іске қосылуын ескере отырып, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге бір айдың ішінде жылжымайтын мүлік және құрылыс материалдары нарығында дүрбелеңге жол бермей, бағаны ұстап тұруға қатысты қажетті шаралар қабылдасын», - дейді О. Бектенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Олжас Бектенов тұрғын үйлердің сапасын сынға алған еді.

Айта кетсек, Үкімет басшысының тапсырмасымен биыл 1 маусымға дейін құрылыс объектілеріне ревизия жүргізіледі.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Астанада G-Park компаниясының ресми құжатсыз тұрғын үйлер салып жатқанын айтқан еді.

Фото: zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале