23.04.2024, 17:46
Оқылды: 75

Су тасқыны: Оралда саяжайдан құтқарылған иттер қайда орналастырылды?

Орал қаласында саяжайлардан құтқарылған иттер Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми-өндірістік орталығына орналастырылды,- деп хабарлайды "ҚазАқпарат"

   7295a5aa-9615-4805-86ed-1bf560a7d109

«Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми-өндірістік орталығының меңгерушісі Бекжасар Сидиховтың мәлім еткеніндей, қазір мұнда саяжайлардан жеткізілген 102 ит ұсталуда.

Бекжасар Мұстақапұлының сөзіне қарағанда, негізінен қаладағы бұралқы иттерді стерилизациялау, енін алып тастау, дегельментизациялау, егу және бірдейлендіруге арналған аталмыш орталық 75 орынға есептелген. «Қазіргі кезде су тасқынына байланысты біз әр клеткада екі-үш иттен ұстап отырмыз. Оларды асырап, тамақтандырамыз, астын тазалаймыз. Өзіміздегі тамақтың қорын пайдаланудамыз. Иелері хабарласып, бірер аптада ағайындарымызға алып кетеміз, ауылға апарамыз деп жатқандар бар. БҚО ветеринария басқармасы, Орал қалалық ветеринариялық станциясы, еріктілермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарудамыз», дейді Б.Сидихов.

95a549ce-8612-4ecf-b3c1-86fc0d646668

Оның айтуынша, иттер қаладағы 1, 2, 3-саяжайлардан, телеорталық маңынан және «Стеновик» бау-бақша серіктестігінен әкелінген. «Иттер өздерінің басына түскен жағдайды сезінетін сияқты. Әр клеткада екі-үштен отырса да, бір-бірімен қырылыспайды, тыныш. Иесі видеодауыспен қоңырау шалған кезде соны естіп, танып жатқандар да бар. Мұнда хаски, тазы, алабай, неміс овчаркасы тұқымдас иттер де орналастырылған», деді Б.Сидихов.

Фото: "Жәрдем-Вет" оқу-ғылыми-өндірістік орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале