23.04.2024, 18:40
Оқылды: 96

Батыс Қазақстан облысының әкімі кішкентай баланы құтқарып бара жатқан сурет тарады

Сурет пен бейнені Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталған кезде осыдан бір ай бұрын ауыл тұрғыны түсіріп алған екен. Онда облыстың әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданында кішкентай баланы құтқарып бара жатқаны бейлегенген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Калимурат Сариев есімді азамат Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

WhatsApp Image 2024-04-23 at 19.37.01

Фото: Калимурат Сариев есімді азамат Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан

«Бұл сурет пен бейнені маған бүгін Қаратөбе ауданының бір тұрғыны жіберді. Осыдан бір ай бұрын Аққозы ауылын топан су басқанда құтқарушылар мен бірге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев те келген болатын. Әкім халықпен бірге болып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына өзі де қатысты. Мына суретте Нариман Төреғалиев кішкентай қыз баласын құтқарып бара жатыр. Қар ұшқындап, жел тұрып, күн суытып тұрған кез. Әкім баланың бетін тікұшақтың желі мен жауған қардан бүркеп, барынша көтеріп бара жатыр. Құтқарылған бала мәз-мейрам. Бұл суреттен жылылықты байқауға болады. Қиын кезде ауылдастарымыз жалғыз қалмағанын сезінді. Халқымыз бірге болды. Еліміздің еңсесі биік, апаттардан аман болайық, ағайын!»- деп жазған Қалимұрат Сариев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале