23.04.2024, 20:37
Оқылды: 88

Казталов ауданында баспана салу үрдісі қарқын алады 

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жиын өтті.  

IMG-20240423-WA0067

Биыл үй кезегінде тұрған азаматтарды және «Қаладан-ауылға» бағдарламасына ниет білдірген отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда 115 баспана салынуда. Оның ішінде 27 елді мекенде жаңа баспана салынады.

Аудан тұрғындарын және жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін былтырғы жылы 22 тұрғын үй сатып алынып, соның ішінде 4 тұрғын үй жаңадан салынды. Сонымен қатар жыл басында аудан орталығына келген 6 дәрігер жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 511 азамат үй кезегінде тұр.

IMG-20240423-WA0065

Аталған жобаға аудандағы жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері ниет білдіріп отыр. Бүгінде Казталов ауылында Руслан Рахметов қос пәтерлі тұрғын үй салуда.

Өңірімізде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан-ауылға» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында ауданымыздың 8 елді мекеніне 16 отбасын көшіріп әкелу жоспарланып отыр. Жыл басында жоба аясында аудан әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының тұрғындары Сисеновтар отбасы Болашақ ауылдық округінің Жаңатаң елді мекеніне көшіріліп, баспанамен, тұрақты жұмыспен қамтылды.

IMG-20240423-WA0066

Аудан әкімі округ әкімдері мен бөлім басшыларына аталған жобалар аясында салынатын баспаналардың мердігерлерін нақтылап, құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Сонымен қатар тұрғын үйлердің бекітілген талапқа сай болуын, сапасына мән беруін ескертті.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале