Есептік жүздесулерден кейін «ешқандай нәтиже жоқ» деген халық арасында желдей ескен сөздердің бекер екендігін Борсы ауылының бүгінгі дамуына қарап түсінуге болады.
Өйткені борсылықтар өзге ауылдарда бой көтерген құрылыстарды жарыса жеткізіп, ауылға көңілдің бөлінбей қалғанына наразы еді. Биыл аудан әкімдігінің бюджетінен қаражат бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынбақ. Аталған құрылыста ауылдың екі тұрғыны жұмыспен қамтылып, маңдайын терін туған жердің топырағына тамызып, қызмет етуде.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz