24.04.2024, 18:28
Оқылды: 57

Нұрымжан - қола жүлдегер

Семей қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы чемпионатта сырымдық балуан Нұрымжан Ғаббасов қола жүлдегер атанды.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 19.28.19

Нұрымжан Ғаббасов – Асқар Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Бесаспап балуан қазақ күресіне де, самбоға да жетік. Әсіресе, алыптар айқасатын «Қазақстан барысы» турнирінде Нұрымжанның күресін іздеп барып көретін көрермен қатары көп.

Нұрымжан Семейде 98 келілік балуандармен белдесті. Жауынгерлік самбоның ережесі қатқылдау. Алып ұру мен ауырту әдісі ғана емес, бұл жерде балуан соққы жасауға да құқылы. Нұрымжанның кешегі жеңісі – оның спорттық мансабы үшін аса жаңалық емес. Ол 2016 жылы 90 келі салмақ дәрежесі бойынша жауынгерлік самбодан халықаралық турнирде топ жарған болатын.

Ержан Чукуровтың шәкірті бүгінгі күні білікті бапкер Райбек Меңдіғалиевтің қоластында жаттығып жүр.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале