25.04.2024, 17:00
Оқылды: 51

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»

Осы бейсенбіде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап дәуір айнасы» атты кеш өтті.

image-25-04-24-11-29

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы ақын Абай айтқандай, өңірімізде болып жатырған келеңсіз оқиғаларға байланысты көптеген ауқымды шаралар кейінге шегеріліп жатса да, кітапқұмар оқырмандар саны азайған жоқ. Шараға өз үлесін қосқан Жаңақала мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары (жетекшісі Данагүл Ерғалиева) «Театрдың ғажайып әлемі» көрінісін нақышына келтіре сомдап, рухани кеште әсем әндер де шырқалды.

Сондай – ақ қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын ақын-жазушылардың өмірбаяны мен еңбек жолдарынан сұрақтар қойылып, оқырмандар тарапынан тартысты жауап алдынды. Әрмен қарай, аталмыш кітап ордасының кітапханашысы Нұржанар Арманбекқызы «Кітап – асыл қазына» атты көрмеге шолу жасау арқылы әр кітаптың тарихына сүңгіп, автордың ойы мен көзқарасына түсінік жүргізді. Иә, кітаппен дос болған тұлғаның ой-өрісі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары болары сөзсіз. Сол себепті де кітап құнын жоғалтпас, бағалы қазына іспетті. Мерекелік кеш қорытындылана келе, жиналған оқырмандар естелік суреттерге түсіп, көңілді тарқасты.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале